Kyzylorda-news.kz.  Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ревакцинацияға қатысты жаңа қаулыға қол қойды.

“Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирусқа қарсы ревакцинацияға жатады”, – делінген қаулыда.

Коронавирусқа қарсы ревакцинация алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

Ревакцинация алгоритмінің 130-тармағына төмендегідей редакция енгізілді.

Коронавирусті жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар коронавирусқа қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
медицина қызметкерлері;
медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
күш құрылымдарының қызметкерлері;
педагогтар;
пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
50 жастан асқан адамдар.
Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тағы да оқыңыз: