Kyzylorda-news.kz   Санитарлық дәрігерлер «Балдәурен» бөбектер бақшасында санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтаған. Азық өнімдерін сақтауға, кесу құралдарын таңбалауға, сондай-ақ дезинфекциялық режимге қатысты кемшіліктер тіркелген.

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы «Балдәурен» бөбектер бақшасында тамақтан ұшынған бір топ балаға алдын ала қойылған диагноздар расталмаған.

– Балаларға алдын ала қойылған «Анықталмаған гастроэнтерит пен инфекциялық колит және басқалары» диагноздары расталмады. Оларға «Ас қорытудың анықталмаған функционалды бұзылуы» және «Ротавирустық энтерит» диагноздары қойылды, - деп хабарлады өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзагүл Досжанова.

Санитарлық қызмет мамандары аталған балабақшада кейбір санитарлық нормалардың дұрыс сақталмайтынын анықтаған. Атап айтқанда, азық-түлікті сақтау, кесу құралдарын таңбалау, дезинфекциялық режимге қатысты кемшіліктер тіркелген.

– Медициналық тексеруден уақтылы өтпеген қызметкерлер бар екені белгілі болды. Олар жұмыстан уақытша шеттетілді. Тексеру шаралары әлі аяқталған жоқ, - деп қосты басқарма өкілі.

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: