Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында 2 провизорлық стационар орталығы жабылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңақорған ауданында барлығы 3 провизорлық стационар орталығы бар болса, соның 2-і жабылды.
Бүгінгі күнде тек ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде барлығы 23 науқас ем алуда. Олардың ішінде 2 науқастың жағдайы орташа деңгейде, 21 науқастың жағдайы жақсы.
Дәрігерлерлердің айтуынша, апта соңына дейін бұл көрсеткіш те азаяды деп күтілуде.