Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы бойынша пандемия кезінде аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен ауруханаға оттегі концентраттары сыйға берілді.

Қазір індетті жеңуге әрбір адам өзіндік үлес қосып жатыр. «Бүгінгі күннің батыры» – дәрігерлер де, тәртіп сақшылары да, жомарт кәсіпкерлер мен жалынды жастар және еріктілер игі істерді қолға алып, жанға қуат, көңілге медет сыйлауда.

Атап айтар болсақ, кәсіпкер Насыр Мырзабек бастаған бірқатар шағын және орта бизнес өкілдері ауруханаға 1 дана оттегі концентраты, 2 дана оттегі баллоны, «Мұнайқұрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы – 2 дана оттегі концентратын, жеке кәсіпкер Мәден Әлжанов 10 дана редуктор сыйға тартты. Сонымен қатар «Шұғыла» қоғамдық қоры есебінен 13 дана оттегі концентраты пайдалануға берілді.

Осындай қиын кезеңде қолдау білдірген аудан кәсіпкерлеріне ақ халатты абзал жандардың айтар алғысы шексіз.

Тағы да оқыңыз: