Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық қан орталығы аймақта COVID-19 инфекциясымен ауырған науқастардан иммунды плазма дайындауды бастады.

Науқастан иммунды плазманы алар алдында оған COVID-19 инфекциясына қарсы қанында антиденелердің бар немесе жоқтығы тексеріледі.

“Көбіне антиденелер COVID-19 ауруының ауыр түрімен ауырған науқастарда болады. Бүгінгі таңда осы иммунды плазма 5 науқасқа құйылды. Облыс көлемінде COVID-19 ауруынан жазылып шыққан тұрғындарды иммунды плазма тапсыруға шақырамыз. Иммунды плазма ауыр халдегі науқастардың жазылып шығуына септігін тигізеді”,- делінген хабарламада.

COVID-19 ауруымен ауырып шыққан облыс тұрғындары осы инфекцияға қарсы иммунитеті бар немесе жоқтығын білгісі келсе, облыстық қан орталығында ақылы түрде тексерілуге болады.

Иммунитеті бар облыс тұрғындары қалауы бойынша иммунды плазма тапсырып, оны ақылы түрде облыстық қан орталығының плазма банкісінде сақтап қоюға мүмкіндік бар. Келешекте жоғарыдағы індетпен ауырған жағдайда өз плазмасын өзіне пайдаланады. Плазманы 3 жылға дейін сақтауға болады.

Тағы да оқыңыз: