Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында екінші адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz.

14 сәуір 13:45-тегі мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам,
Ақтөбе облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам,
Алматы облысында – 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.

Осылайша, елімізде жазылғандар саны 142-ге жетті.

Біздің облыстағы емделушінің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынған. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни, науқастың “Covid-19” вирусынан айығуына байланысты емделуші үйіне шығарылған.

Індетті жеңген науқас – Қызылорда қаласының тұрғыны.

Айта кетейік, алдағы уақытта науқас 14 күн ішінде учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: