Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 140 адамға жетті.

5 мамыр 12:00-дегі мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 2 науқас қауіпті індеттен жазылып шықты. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласының тұрғындары.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 140 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: