Kyzylorda-news.kz. 17 тамыздан бастап барлық өңірлерде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілері қызметі түрлерінің тізімі бекітілді.
Елімізде қызметін қайта жалғастыратын нысандардың тізімін назарға ұсынамыз.
ӘКК, сауда үйлері (бутиктер), бөлшек сауда желілері, жабық базарлар (бір келушіге 4 м² 30% -дан аспайтын толымдылықта);
сұлулық салондары, шаштараздар, SPA орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (1 келушіге 4 м²);
бассейні жоқ фитнес-орталықтар (толымдылық 50%, бір адамға 5 м²),моншалар мен сауналар (толымдылық 50%, бір адамға 4 м²);
балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (топтар – тағайындалуы бойынша 5 адамнан аспайды);
мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтары (15 адамнан аспайды);
сыртқы аттракциондар (қашықтық, маска, ағымды реттеу).
Отырыста Қазақстандағы карантиндік шаралар кезінде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және медициналық ұйымдарға жүктемені едәуір төмендетуге болатындығы айтылды.
Осылайша, инфекцияның күнделікті өсуі 4% -дан 0,5% -ға дейін азайтылды. Сауығып кеткендердің саны 76% жетті. Орташа репродуктивтік коэффициент 0,78-ге дейін төмендеді, төсек-орынмен қамту 26%-ға жетті.
Мемлекеттік комиссия мүшелері бірқатар нысандардың жұмысына тыйым салуды жалғастыру туралы шешім қабылдады.
