Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік Кореяда коронавирустан қорғанудың ерекше тәсілін, бұқаралық іс-шараларға қатысу кезінде адамдарға қолдануға жеке капсулалар ұсынылды, деп хабарлайды  Stan.kz.

Капсулалардың фотосын журналист Рафаэль Рашид Twitter-дегі парақшасында жариялады. Мұндай үрлемелі капсула мен жеке шатыр алғаш рет Кореяның ең ірі буддисттік монастырларының бірінде – Дегу қаласындағы Тэген ғибадатханасында дұға жасау рәсіміне қатысқан буддистер қолданған.

Мұндай әдісті оңтүстіккореялықтардың қолдану себебі адамдардың шектен тыс жиналуы және кейбірінің ғибадатханаға қоғамдық көліктен немесе бірден тамақтану орындарынан келуі болды. Діни рәсім жасаушылардың бір қатары қарт адамдар екен.

Оңтүстік Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, өткен тәулікте елде коронавирусты 673 науқас жұқтырған. Орталық екінші күн қатарынан Оңтүстік Кореяда тәулік сайын 700-ге жуық вирус жұқтырғандар анықталғанын атап өтті.

Осылайша, Оңтүстік Кореяда COVID-19 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 112 789-ға жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустық инфекциясы бар тағы екі науқас қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері елде аурудың асқынуынан 1790 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея халқының жартысына жуығы тұратын астаналық өңірде әлеуметтік қашықтықтың екінші деңгейі, ал елдің қалған өңірлері – 1,5 деңгейінде. Төрт адамнан көп адам қатысатын іс-шараларға тыйым салынған. Тамақтану орындары, спорт залдары, караоке салондары, ірі супермаркеттер әлі де 22 сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Тағы да оқыңыз: