Kyzylorda-news.kz. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы “қызыл” аймақта бес өңірдің тұрғанын көрсетті.
2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
- “Сары” аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
- “Жасыл” аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
