Kyzylorda-news.kz. COVID-19 таралу қаупінің негізгі факторы – адамның қоршаған ортаға шығаратын вирусының мөлшері болып табылады. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды.

«Қазіргі кезде қоғам үшін ең қауіпті адамдар – бұл вирустың ағзаларында белсенді түрде көбеюіне, сондай-ақ індеттен сауығып шыққанына қарамастан бетперде тақпайтын адамдар», – дейді ресейлік ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары Николай Дурманов пен Александр Карабиненко.

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Негізгі қорғаныс – барлық адамдармен байланыста болған кезде сақтық шараларын сақтау: бетперде, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: