Kyzylorda-news.kz. Тамыз айының басындағы жағдай бойынша әлем халқының 10% ғана коронавирус жұқтырған.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа аурулар мен зооноздар жөніндегі бөлімінің басшысы Мария Ван Керхе мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлем халқының 10%-інде ғана коронавирусқа қарсы антиденелер бар.

Осылайша, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет әлі қалыптаспағанын айтты. Әлем халқының 60-70% коронавируспен ауырса, ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін екенін айтып өтті.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: