Kyzylorda-news.kz. “Дельта” штамына байланысты әлем коронавирус пандемиясының қауіпті кезеңінде тұр, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ол штамм кем дегенде 98 елде анықталғанын айтты. Гебрейесус инфекция түрлері әлі де мутацияға ұшырап жатқанын атап өтті. 

Ұйым директорының айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа мутациясын үнемі бақылап, мутациясына бейімделуі қажет. Инфекцияға тест жасап, ерте анықтаудың маңыздылығына тоқталды. Вирус жұқтырғандарды оқшаулау, емдеу, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, ғимарат ауасын тазартып отыру әлі де індеттен қорғанудың тиімді жолы.

Гебрейесус әлемдік қоғамдастықты бір-біріне вакцина, өкпені жасанды желдету аппараты, дәрі-дәрмекпен көмектесуге шақырды.

“Бұл COVID-19 пандемиясы қарқынын бәсеңдетудің ең жақсы тәсілі. Сондай-ақ, коронавирустың жаңа қауіпті түрлерінің алдын алуға мүмкіндік береді”, – деді ол.

Қазіргі уақытта үнді штамы Қазақстанның барлық өңірінде табылды. Ол өзге штаммдарға қарағанда тез жұғады, инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін созылады.

Sputnik

Тағы да оқыңыз: