Kyzylorda-news.kz. Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге осылай деді. Алайда, оның пікірінше, вирус өздігінен жойылып кетпейді.
«Менің ойымша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады. 2022 жылдың басында пандемия артта қалады, бірақ бұл вирустың өзі жойылады дегенді білдірмейді», – деді сарапшы.
Клюге сонымен қатар вакцинация мәселесіне шыдаммен қарауға шақырды, өйткені ғаламшардың барлық тұрғынын бір уақытта вакцинациялау мүмкін емес.