Kyzylorda-news.kz. Коронавирус ауа арқылы тарайды деген болжам бар.
32 елдің 239 ғалымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына осы ұстанымды инфекцияның маңызды факторы ретінде қабылдауға шақырады. Бұл ақпарат Нью-Йорк Таймс газетінде жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, коронавирус ауада ұсақ бөлшектер түрінде таралады. Және жабық кеңістікте ұзақ уақытқа дейін сақталады. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мамандары ғалымдардың бұл ұйғарымын негізсіз деп есептейді. Әрі індет тыныс алу жолдарынан бөлінетін ірі тамшылар арқылы жұғады деген ұстанымда. Ал вирустың ауа арқылы таралатындығына нақты дәлел жоқ дегенді алға тартады.