Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 114 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Арал және Шиелі ауданының тұрғындары.

29 сәуір 16:35-тегі ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Оның ішінде, Аралда – 2, Шиеліде – 1 науқас қауіпті індеттен айыққан.

Ерекше атап өтерлігі – Арал ауданында осы індетке шалдыққан 4 науқастың барлығы жазылды.

Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 114 адамға жетіп отыр.

Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: