Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек екендігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік ұйым жеткіншектерде де вирусты жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары екендігін ескертеді.

Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазіргі кезде әлемде коронавирус жұқтырғандар 23 млн адамнан асқан. Олардың көпшілігі АҚШ, Бразилия, Үндістанда тіркелген. Алайда Оңтүстік Корея, Еуропа елдері және Ливан сияқты басқа елдерде де қауіпті вирусты жұқтырған адамдар саны көбейген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маска тағып жүруге қатысты кеңестерімен мына жерден танысуға болады.

Тағы да оқыңыз: