Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда қаласындағы КВАНТ зауытында болды.

Кәсіпорын өз жұмысын заманауи талаптарға сай ұйымдастырып, жаңа технологияларды енгізу арқылы өндіріс көлемін жыл сайын ұлғайтып отыр. Қазіргі таңда мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Бүгінде зауыт барлық ауылшаруашылық техникаларына жөндеу жұмыстарын жүргізеді, су үнемдеу құрылғыларын шығарады және шет елге экспорттайды.

Сенат депуттары зауыт жұмысымен танысып, ұжымның өтініш-тілектеріне назар қойып, ұсыныстарын тыңдады.

Квант зауыты.jpg

Тағы да оқыңыз: