Kyzylorda-news.kz  Ауыл шаруашылығы саласын дамытуды мақсат еткен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғыны Хасен Кененбаев "Егін шаруашылығы" жобасы аясында табысты жұмыс атқаруда. Кәсіпкер биыл "Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы" микроқаржы ұйымы "Іскер" бағдарламасымен 6 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, қияр шаруашылығын дамытуға кіріскен.

​– Бүгінде еңбек етіп, кәсібін дамытамын деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы – ерінбей еңбек ету. Қияр жинау ісін жеңілдету үшін тракторды пайдаланамын. Жай трактор емес, оны түрлендіріп, сыйымдылығы 4 адамға лайықталған тіркеме жалғағанмын. Бұл техниканың әзірше елімізде баламасы жоқ деуге болады," – дейді Хасен Кененбаев.

1 гектар егістік алқабында екі күн сайын жарты тоннаға жуық қияр жиналады. Бұдан бөлек, келесі 1 гектар алқапта қызанақ пісіп жатса, келесі алқапта қарбыз өнімі тұрғындарға сатылуда.

2.jpg3.jpg4.jpg

Тағы да оқыңыз: