Kyzylorda-news.kz. Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенкүл Аралбаева «АҚСУАТ» атауымен шұлық шығаратын цехты іске қосты. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама жайлы ауылға келген ақпараттандыруға барып, бұл жобаны іске қосуды отбасымен шешкен.
Бүгінде кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасымен 5 миллион теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған.
Бұрын тігін саласымен айналысқан жоқпын. Дегенмен, бұны да көрейін деп шешіп қабылдадым. Мемлекеттің берген қаржысы тиімді. Әрине, алға қойған мақсатына тиімді пайдалана білсеңіз. Казіргі таңда, екі адамды жұмыспен қамтып отырмын. Алдағы уақытта тағы екі адамды жұмысқа жұмылдыру жоспарда бар. Тігінге қажетті материалдар өзімізде өңдірілмегендіктен шет елдерден алуға тура келеді. Көбіне көршілес Ресей, Өзбекстан және Қытайдан алдырамын. Әзірше, күніне 200-300 дана шұлық әзірлеудеміз, - деді кәсіпкер Сәрсенкүл Аралбаева.
Қолдың өнері адам жанының айнасы – көнеден қалған көз емес пе еді. Сол себепті қызылордалық Сәрсенкүл Аралбаеваның бастамасы көпке үлгі. Ал, кәсіпкер мұнымен тоқтамай, басқа да кәсіптерге бет бұру жоспарында бар екенін жеткізді.