Kyzylorda-news.kz Биыл "Аралтұз" АҚ ерекше күнді, яғни 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ғасыр бойындағы тарихында кәсіпорын шағыннан Қазақстандағы ең ірі ас тұзын өндірушіге айналды, оның өнімдері халықаралық сапа стандарттарына сай болып табылады және бүкіл еліміз бойынша және одан тысқары да тасымалданып, өткізіліп отырады.
Бүгінгі таңда зауытта 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 94%-ы - Арал ауданының тұрғындары. Көптеген отбасы үшін "Аралтұзда" жұмыс істеу — бұл тұрақты табыс қана емес, сонымен қатар бірнеше буын ұрпағы мақтан тұтатын қадірлі іс. Компания өндіріске жаңа технологияларды белсенді енгізіп, инфрақұрылымды дамытуда, әлеуметтік жобаларды қолдап, өңір экономикасына да елеулі үлес қосуда.
Заманауи және қауіпсіз өндірістің негізгі элементтерінің бірі-зауыт территориясының ұйымдастырылған және қорғалған болуы. Бұл - формальдылық емес, адамдарды қорғауға, санитарлық нормаларды сақтауға және кәсіпорынның үздіксіз жұмысына бағытталған халықаралық тәжірибе.
Қауіпсіздік - біздің басымдығымыз
Өндіріс алаңында күн сайын ондаған техника жұмыс істейді, ауыр машиналар ары-бері қозғалып, көптеген технологиялық процестер қызу жүріп жатады. Территорияның жабық жәнеөткізурежимінің болуыбөгде адамдардың, соның ішінде балалардың аяқ-асты жоғары қауіпті аймаққа тап келуін болдырмауды қамтамасыз етеді.
- Біздің зауыттағы күзет және өткізу режимі жүйесі адамдарды, жабдықтарды және өндірістік процестерді қорғау үшін құрылған. Біз заманауи бейнебақылау технологияларын қолданамыз, тек қызметкерлер мен шақырылған қонақтарға ғана территориямызда болуға рұқсат, мұны сырттай бақылап отырамыз. Қоршау зауыт пен қоғам арасындағы барьер емес, керісінше өнеркәсіптік қауіпсіздік элементі болып табылады. Оның арқасында біз жазатайым оқиғалардың алдын аламыз, технологиялық процестерді қорғаймыз, санитарлық нормаларды сақтаймыз және кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеміз, — дейді зауыт директоры Дәулет Рахымбаев.
Өндірістің бақыланатын аймағы-қазақстандық санитарлық ережелердің (СанПиН), сол секілдітамақ кәсіпорындарына арналған ISO халықаралық стандарттарының міндетті талабы. Олар аумақты бөтендерден қорғауды, вандализмнің алдын алуды, тазалықты сақтауды және технологиялық процестердің қауіпсіздігін қарастырады.
— Біздің қоршау ISO халықаралық стандарттарына сәйкес келеді: ол өндірістік аймақтарды оқшаулап қоршауды, зауыт аумағына кіріп-шығуды бақылауды және аумақты толық визуалды шолуды қамтамасыз етеді, - дейді Дәулет Рахымбаев.
Ашықтық және даму
Адамдардың қауіпсіздігі-компанияның басты басымдығы. "Аралтұз" АҚ үнемі баспасөз турларын, тұрғындарға экскурсиялар мен кездесулер өткізеді, онда қауіпсіздік шаралары тек адамдарды қорғауға және жоғары сапа стандарттарын сақтауға бағытталғанына жекелей көз жеткізуге болады.
Кәсіпорын диалог үшін әрдайым ашық және өңірдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған қалпын сақтап келеді. Компания алда да жаңа технологияларды енгізуге, экологиялық тиімділікті арттыруға, адами капиталға және әлеуметтік жобаларға инвестиция салуға, жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымдарды жақсартуға және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса береді.
Фото: “Аралтұз” АҚ