Kyzylorda-news.kz С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінің қосымша оқу ғимараты салтанатты түрде ашылды. Бұл ғимарат – білім алушыларға заманауи әрі қолайлы орта жасау үшін жүзеге асырылған маңызды жоба.

Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов аймақ ардагерлері мен білім саласы қызметкерлері мен ата-аналар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары мектептің қосымша ғимаратының ашылуымен құттықтап, бұл ғимарат тек білім ордасының қабырғасы ғана емес, ұрпақ болашағының іргетасы болып қаланатынына сенім білдірді.

Жаңа оқу ғимараты оқушылар санының артуына байланысты мектептің сыйымдылығын кеңейтуге және сапалы білім беруді жалғастыруға мүмкіндік береді. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, заманауи жабдықталған жаңа ғимарат оқушылардың оқу үдерісін барынша тиімді ұйымдастыруға арналған. Қазіргі таңда мектепте 912 оқушы білім алуда.

Жаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады.jpgЖаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады 2.jpgЖаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады 4.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: