Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 4 желтоқсанында елордасы Астана қаласында «Worldskills Kazakhstan 2022» VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты жалауын көтерген еді. 

6 желтоқсан күні Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2022» кәсіби шеберліктің VII республикалық чемпионатының ашылу салтанаты өткен дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам жас маман, WorldSkills өңірлік турларының жеңімпаздары 30 ресми құзырет бойынша сайысқа түсті. Олардың қатарында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша Сәуле Нұрымбетова мен «Кіші сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша Аружан Сьездқызы бар. 

Заман талабына сай кадр даярлаудың орнықты үлгісін қалыптастыруды, адами капиталды дамыту және бизнес пен кәсіптік білім беруді мақсат еткен Халықаралық «WorldSkills» чемпионатының республикалық кезеңінде колледждің студенті Аружан Съездқызы оқ бойы озық шығып, Сыр білімінің жетістік қоржынына «Алтын жүлде» салды. Ал, «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша бақ сынаған Сәуле Нұрымбетова байқау қорытындысына сәйкес «Үздік маман» номинациясын иеленді.

«Сырдың үмітін арқалап, елдік додада үздіктер қатарынан табылған колледжіміздің қос шәкіртінің жеңісі құтты болсын, жерлестер! Ізденушісі санасына бағдарлы білім мен кәсіби мүмкіндіктерді сіңіру жолында биік белестерді бағындырып келе жатқан колледж ұжымы мен шәкірттер жетістігі молая бергей», - деп тілектестік білдірді колледж ұжымы.

Айта кетейік, «WORLDSKILLS-2022»​ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы республикалық чемпионатқа Сыр өңірінен 16 құзыреттілік бойынша 17 қатысушы бақ сынап, нәтижесінде алғаш рет 2 алтын,​ 1 күміс, 1 қола​ медалімен және 7 қатысушымыз медальонмен марапатталды.

Конкурс қорытындысы бойынша нәтиже төмендегідей:​ ​ ​ 

​1. М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен қатысушы Съездқызы Аружан  «бастауыш білім беру» құзыреттілігінен 1-орын (Алтын медаль);

2. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінен қатысушы Матен Нұрдәулет  «Кірпіш қалау» құзыртілігінен 1-орын (Алтын медаль);

3. Абылай хан атындағы жоғары колледжінен қатысушы Амангелдиев Алматбек  «құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігінен 2-орын (Күміс медаль);

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінен қатысушы Ақжол Рамазан  «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және пайдалану» құзыреттілігінен-3 орын (Қола медаль);

Сонымен қатар,​ «Үздік маман» номинациясы бойынша И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің қатысушысы Жақсылық Айбол​ «Инженерлік графика cad» құзыреттілігі бойынша;

Абылай хан атындағы жоғары колледжінің қатысушысы Пак Анастасия «Шаштараз» құзыреттілігі бойынша;

Абылай хан атындағы жоғары колледжінің қатысушысы Рашит Айнаш «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша;

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің қатысушысы Мырзағұлов Дамир  «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша;

Қазалы аграрлы техникалық колледжінің қатысушысы Үйрекбай Аида «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша;

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің қатысушысы Аманбай​ Диас «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша;

М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің қатысушысы Нұрымбетова Сәуле «Мектепке дейінгі білім" құзыреттілігі бойынша медальонмен марапатталды.

«Worldskills» - әлемде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды даярлауға бағыттайтын бірегей жоба. 

318638213_1338027047006728_2855030476084162278_n.jpg

Тағы да оқыңыз: