Фото: Zakon.kz.

Kyzylorda-news.kz.  Жетісу облысының прокурорлары бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының прокуратурасы берген ақпаратқа сай, мәселен, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып заңсыз төлеу арқылы, сондай-ақ бұл ұйымда мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға 34 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Екінші бір жағдайда Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген.

Тағы да оқыңыз: