Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисінен облыстық турнир өткізілді.
«Ұстаздар күні» мерекесіне арналған колледж оқытушылары арасындағы турнирдің ашылу салтанаты Абылай хан атындағы жоғары колледжінде өткізіліп, оған облыстық білім басқармасының кәсіптік білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев және Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Нұргүл Утегенова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттық шараға аймағымыздағы барлық колледждерден 14 команда, құрамында жалпы саны 150-ге жуық оқытушы қатысып, бақ сынасты.
Спорт додасының нәтижесімен тоғызқұмалақтан І орынды Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің командасы иеленсе, ІІ орын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің командасына бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің командасы иеленді. Шахмат жарысы бойынша І орын Академик С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің командасына бұйырса, ІІ орын Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің командасы иеленіп, жүлделі ІІІ орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің командасы иеленді. Үстел теннисі бойынша І орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің командасы иеленсе, ІІ орын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің командасына бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің командасы иеленді.
Сонымен қатар турнирдің «Үздік ойыншы» номинациясын тоғызқұмалақтан Маржан Смағұл мен Кенбай Қарашаев иеленсе, шахмат ойынынан бұл номинация Сәкен Есеналиев мен Алтын Досманбетоваға бұйырды. Ал, Кулазия Жолымбетова мен Дастан Көпболсынов үстел теннисі бойынша үздіктер атанды.
Турнир жеңімпаздарына облыстық білім басқармасы мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің арнайы алғыс хаттары табысталып, медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздар 2023 жылы өткізілетін «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық спартакиадасына жолдама алды.


