Kyzylorda-news.kz №7 мектеп-лицейінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» апталығының ашылу салтанаты өтті.

Шараға Славяне орталығының өкілдері ерекше белсенділікпен қатысты. Олар әсем әндер орындап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Сонымен бірге телеарнаға сұхбат беріп, көпшілікті тіл мерекесімен құттықтады.

Оқушылардың сахналық қойылымдары мен ән-жыры мерекенің сәнін келтірді.

Тіл – татулық пен бірліктің алтын қазығы. Апталық аясында тағы да түрлі танымдық шаралар жалғасын табады.

Тағы да оқыңыз: