Kyzylorda-news.kz Тамырын тереңнен тартқан Қазалы қаласындағы шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектептің, білімнің қара шаңырағының, ұрпаққа келешектің көкжиегіне көз тіккізіп, кемеліне көзайым болған оқу орнының ғасырға жуық тарихы бар. Білім ордасы 1918 жылы қазан айында ашылып,  онда 50-60 бала оқи бастады. Ол кездегі мектеп Бебель мен Луначарский көшелерінің бұрышындағы жай екі бөлмеге орналасты.

1927 жылға дейін оқу орны бастауыш мектеп болған. Мектеп  1927-1928 оқу жылынан бастап, жеті жылдыққа айналып, оқушы саны арта бастаған. Педагогикалық техникум бітірген жас мамандар Ә.Қайнарбаев, А.Қожақов және Б.Әбдіқадыровтар кеңес педагогикалық мектебінен шыққан бірінші педагогикалық кадрлар еді. Жас педагогтар, әсіресе, комсомолдар жұмысын қолға алып, аудандық комсомол ұйымымен тығыз байланыста жұмыс жасады. Әуесхан Қайнарбаев сол жылы мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметін атқарған.

Мұнда ілкімді дүниенің інжу-маржанын ілім мен ғылымнан іздеген қазақтың сан мыңдаған баласының арманын аялап, үмітін үкілеген өмірін өнегемен өрнектеген талай тамаша жандар еңбек етті. Олардың қатарында К.Айманов, Б.Бәймішев, Ә.Айбосынов, М.Жанұзақов, С.Ідірісов, К.Қонысбаев, Д.Мамытбаева, Б. Мергенбаев, З.Соловьева, Ә.Ермекбаев, Ә.Игіліков, М Есмамбетов, Г.Файзуллиналар болды. Осы ұлағатты ұстаздардың ішінен Б.Мергенбаев, З.Соловьева,  Г.Файзуллина сынды ұстаздар  үздіксіз жұмыстары үшін Ленин орденімен марапатталған. Кейін З.Соловьева мен Б.Мергенбаевқа «Қазақ ССР–іне еңбегі сіңген мұғалімі» атағы берілген.

               1936-1937 жылдары мектептің материалдық базасы төмен болуына байланысты оқушылар Москвадағы қазақ уәкілдігіне хат жазып, физика, химия, биология пәндеріне керекті құралдар алады. Мектеп 1936 жылдан бастап, 10 жылдық білім беретін орта мектепке айналған соң, оқушылардың да, сыныптардың да саны көбейе бастады.

               1938 жылы  Кенжалы Айманов Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, мектеп директоры болып қызметке келген. 1939 жылы 10 жылдық мектепті бірінші рет 11 оқушы бітірген. Олармен бірге К.Айманов Отанымыздың астанасы Мәскеуге саяхат жасап, сол сапарында мектепке қажетті көрнекі құралдар алып қайтқан.  1940 жылы мектепті екінші рет 10 бала бітірсе, олардың бірсыпырасы  әр түрлі жауапты жұмыста болған. Солардың бірі – Тәкей Есетов ККП аудандық, облыстық комитетінің бірінші хатшысы, кейіннен Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

1958 жылдардың басына дейін мектеп көрнекті қайраткер В.И.Молотов атымен аталса, ал, 1959 жылдан бастап, мектеп шығыс жастарының жалынды жетекшісі, жерлесіміз – Ғани Мұратбаевтың есімімен аталып келеді.

– Біздің түлектеріміз – еліміздің әртүрлі саласында еңбек етіп, қызметімен көпке танылған жандар. Олардың қатарында Т.Есетов, К.Тлеубергенов, Ә.Өтепбергенов, М.Толыбаев, Ш.Айтуғанов, Ж.Шәріпов, Қ.Нұрмаханов, Ж.Көрпебаев, Ж.Игілік, К.Мергенбай, Қ.Көшербаев, А.Көшербаев, М.Жанұзақов, Ө.Қожақұлы және тағы басқалары бар, – дейді Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектеп директоры Эльмира Сматуллаева.

Қазіргі таңда, орта мектепте – 485 оқушы білім алып, 74 мұғалім қызмет жасайды. Оның ішінде – педагог - зерттеуші -16, педагог – сарапшы -30, педагог – модератор - 19, санатсыз -9; жалпы оқушылар саны – 485; 25 сынып комплектісінен тұрады.

Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектеп директоры – Эльмира Сматуллаева Айтжанқызы, еңбек өтілі – 32 жыл.

Мектептің миссиясы – білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кемел тұлға қалыптастыру. Болашақ бағдары (vision) – алдағы 5 жылда мектебіміз заман талабына сай, "Soft skill" дағдысы қалыптасқан, жеке азаматтық ұстанымы бар түлектер «ұстаханасына» айналады.

Құндылықтар – табысты мектеп мәдениетін қалыптастыру; Альфа ұрпақ бойында SQ интеллектісін дамыту; төрт өлшемді білім беру моделін жетілдіру болып табылады.

Кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған  әдістемелік қызметті жүзеге асыру, қайта даярлау курстарынан өтуіне жағдай жасау, курсаралық мерзімде педагогтың үздіксіз кәсіби даму картасын жасау қолға алынған. Каргокульт. Ырымын жасау: «сияқты», «секілді», «тәрізді»   қасиеттерінен арылған, жаңа өзгерістердің қажет екенін түсінетін, күнделікті іске асыра алатын мамандар тобын қалыптастыру көзделген.

Мектепішілік шығармашылық топ «Шеберлер», «Шыңдалу», «Жетілу» мектептері жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. Пән мұғалімдеріне әдістемелік, ғылыми негіздегі жұмыстарды жүргізу, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік көмек көрсетілуде. Нәтижелі білімге қол жеткізіп, тұлғаның SQ интеллектісін дамыта алатын  реформатор педагогтер командасын құру мақсатында – эмерджентті ұстаздар қатарын көбейтіп, авторлық ұлттық әдіс-тәсілдер қоржыны - «Ұлттық қоржын» жобасы (мобильді қосымша) мен білім берудегі трендтердің бірі – геймификация тәсілі арқылы құндылықтарымызды бағалау мақсатында - «Асық Game» жобасы және ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін - «Шам түбіндегі ертегі» (ертегі терапиясы) жобасы жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда киберпедагогика трендте. Ұстаздар қауымына жаңашыл, инновациялық әдіс-тәсілдер жинақтау ұсынылды. Нәтижесінде, «Ұлттық қоржын» қосымшасына ұлттық әдіс-тәсілдер мен ұлттық мәндегі қалыптастырушы бағалау енгізілді. Осы іс-шараның нәтижесінде ұстаздарымыз ұлттық әдісті қолдану бойынша аудандық сайыстардың жүлдегерлері атанды. Мектебіміздегі ұстаздар жеке жұмыстан гөрі командалық жұмысқа қалыптасқан. Осы тұрғыда Стивен Ковидің «Синергия заңын» (1+1=11) ұстанамыз.

Жасанды интеллектіні мектеп практикасына ендірудегі шығармашылық топтың ізденістерін, болжам, нәтижелерін насихаттау, әлеуметтік желіге ұсыну тұрақты жүргізілуде.

2021-2022 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер арасында төрт оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 1 оқушы үздік аттестатқа бітірді. Грантқа түсушілердің орташа пайызы – 81,8 құрады.

2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер арасында бір оқушы «Алтын белгі» белгісіне, бір оқушы үздік аттестатқа бітірді. Грантқа түсушілер – 73,6 процент болды.

Олимпиада-оқушылардың білім-білік дағдыларын сынайтын байрақты бәсеке. Бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. 2022-2023 оқу жылында жалпы, білім беретін пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиаданың екінші, аудандық кезеңіне қатысқан оқушылардан 7 оқушы жүлделі екінші мен үшінші орындар, 6 оқушы Алғыс хат, 2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген 5-11 сыныптар аралығындағы пәндік олимпиадада аудандық кезеңіне қатысқан оқушылардан 18 оқушы жүлделі екінші мен үшінші орындар, 3 оқушы Алғыс хат иеленді.

"Алтын түлек" олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушылар жүлделі үшінші орын және Алғыс хат иеленді.

Жас ғалымдарды дайындау мақсатында оқушыларды «Дарын» ғылыми жобалар байқауының ауданық кезеңіне сегіз жоба ұсынылып, екі оқушы жүлделі үшінші орындарды иеленді. Аудандық кезеңнен бастап, халықаралық дейінгі «оnline», «offline» режиміндегі түрлі басқа да, байқаулар мен жарыстарға оқушылар мен мұғалімдер қатысып келеді.

2022-2023 жылдар аралығында мектеп ұстаздары мен шәкірттері біршама жетістіктерге жетті. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының аудандық кезеңіне қатысқан оқушымыз бірінші орын иеленіп, облыстық кезеңге қатысушысы атанды. «Менің шағын Отаным» атты V республикалық зияткерлік байқауының аудандық кезеңіне  қатысқан оқушы екінші мен үшінші орын иеленді. «Жасыл технологиялар балалар көзімен» атты аудандық конкурсына қатысқан оқушылар екінші орын және алғыс хаттар иеленді. 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының бірінші (аудандық) кезеңіне қатысқан оқушылар  үшінші орын иеленді. «Жыл оқушысы» республикалық сайысына қатысқан оқушы аудандық, облыстық кезеңде бірінші орын иеленіп, республикалық кезеңнің қатысушысы атанды.  «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңінде  бастауыш сынып мұғалімі Ш.Мырзағұл екінші орын иеленді. «Үздік қосымша білім беру маманы-2022» байқауына қатысқан қосымша білім беру маманы Алғыс хат иеленді. «Robotk Grand Tournament» байқауының аудандық кезеңінде оқушыларымыз Алғыс хат иеленді. География пәні мұғалімдеріне арналған «Ш.Уәлиханов - қазақ ғылымының шоқжұлдызы» тақырыбында аудандық семинарда «Шоқан Уалихановтың ғылыми мұрасы және қазіргі ғылым» тақырыбындағы ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушымыз Диплом, «Шоқанның дара бейнесі» атты аймақтық командалық сурет байқауына қатысқан оқушымыз екінші орын иеленді. Қазалы ауданы оқушыларын қаржылай көтермелеу мақсатында, білімге деген құштарлығын ояту мақсатында «Гаухартас» премиясы үшін химия пәні бойынша 11-сынып оқушыларына арналған аудандық олимпиадаға қатысқан оқушымыз алғыс хат және 50000 теңге сыйақы иеленді. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының аудандық кезеңіне қатысқан жеті оқушы Алғыс хат иеленді. 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының бірінші кезеңіне қатысқан оқушы екінші мен үшінші орын иеленді. Жалпы, білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» атты республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан оқушы екінші орын иеленді. 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша екінші орын,  тарих пәні бойынша екінші орын, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша үшінші орын, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Алғыс хат, математика пәні бойынша Алғыс хат. Жалпы, білім беретін пәндер бойынша «Лингвист» республикалық олимпиадасына 2-11 сыныптан барлығы 11 оқушы қатысып, бірінші және екінші орындар иеленді. Халықаралық балалар күніне орай өткізілген «Музыка әлемі» атты аудандық балалар ән байқауына қатысқан оқушы үшінші орын иеленді. «Ұлы дала барысы-Сұлтан Бейбарыс» тақырыбындағы аудандық ғылыми жобалар байқауына қатысқан оқушы Алғыс хат иеленді. 14-18 жас аралығында өткен «Пушкинские чтение» атты аудандық байқауына қатысқан 11-сынып оқушысы үшінші орын иеленді. Шығыс жастарының көшбасшысы – Ғани Мұратбаевтың туған күніне орай өткізілген «Мәңгілік шырқар жырымсың» атты аудандық дәстүрлі жас ақындар мүшайрасына қатысқан оқушы Алғыс хат иеленді.

Аудандық «Махамбет оқулары», «Ақберен», «Қадыр оқулары», "Міржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасы: тарих және тұлға" тақырыбында өткізілген аудандық ғылыми -практикалық конференцияда, «Әбіш оқулары», «Серік Қондыбай мұралары», «Ұлт ұстазы», «Театрдың ғажайып әлемі» театр фестивалінде, «Менің шағын Отаным» атты V республикалық зияткерлік байқауында, «Былғары доп» қыз балалар сайысында, «Мерген ару-2023» байқауында, «Халқын оятқан қайраткер" тақырыбында аудандық ақындар мүшайрасы, «Үздік медиатор мектебі», "Берік отбасы есірткіден алыс", «Мұғалім экран жұлдызы емес, бірақ онсыз жұлдыздар болмайды», «Менің Қазақстаным-бейбітшілік ұясы» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің эссе жазу байқауында, зергер, ақын Әжімбет Қаратайғырұлы бабамыздың 135 жылдығына орай "Суретті сөйлеткен қылқалам" атты аудандық қылқалам шеберлері байқауында, "Қанатты жыр, сазды әуен" атты аудандық жас жазба ақындар байқауында, география пәні бойынша Ұлттық олимпиадада, Қазалы ауданының құрылғанына – 95 жыл толуына орай қол күресінен 2006-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігінен, «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» тақырыбында буктрейлерлер байқауында, «Мәңгілік шырқар жырымсың» мүшайрасында, «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем» экологиялық жоба, «Ұлт мұраты жолындағы ұлы күрескер, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан» аудандық ғылыми жобалар байқауы,  «Медиация» әлеуметтік жоба байқауында, «Зияткер» білімділер бәйгесі телевизиялық жобасында оқушылар жүлделі бірінші, екінші мен үшінші орындар иеленіп, облыстық кезеңде де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

   Мектеп басшысы Эльмира Сматуллаева республикалық « Жыл директоры » байқауынан жүлделі бірінші орын, «Тәуелсіз ел болашағы-білімді ұрпақ» облыстық дебат турнирінің аудандық кезеңінің бірінші орын, облыстық кезеңінен бірінші орын, республикалық кезеңінде «Үздік оратор» номинациясын иеленді. «География пәнін оқытудағы практикалық жұмыстардың жүргізілуі» семинарында Ж.Бекжанова бірінші орын, аудандық «Үздік қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі жетекшісі» байқауында А.Теңгебаева жүлделі бірінші орын, облыстық кезеңінен екінші орын иеленді. Әлеуметтік педагог Бисенбай Ұлбосын «Үздік әлеуметтік педагог-2022» байқауында екінші орын, А.Сыдық «Үздік мектепішілік өзін-өзі» басқару ұйымының жетекшісі байқауында  екінші орын,  «Үздік сынып жетекші-2022» байқауында екінші орын , А.Сыдық "Үздік физика пәні мұғалімі -2022" екінші орын,  Н.Қайыпназарова "Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі-2022" екінші орын , А.Сарпек «Үздік АӘД пәні мұғалімі-2022" үшінші орын , Ш.Мырзағұл  аудандық «Алтын тұғыр» олимпиадасының  аудандық кезеңінде бірінші орын, облыстық кезеңінен екінші дәрежелі диплом иеленді. А.Тауасарова «Практикалық және зертханалық жұмыстар-2023» байқауы екінші орын, А.Әзмұратова «Практикалық және зертханалық жұмыстар -2023» екінші орын , .П.Сахиева «Үздік тәрбие орынбасары-2022»  үшінші орын,  Республикалық «Үздік жыл психологы - 2023» байқауында П.Сахиева ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын Тұғыр» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде Ш.Сариева жүлделі үшінші орын иегері атанды.

  Бастауыш сынып мұғалімі А.Қайназарова «Педагогикада тәлімгерлік тарихи тәжірибе, заманауи мазмұны мен даму ерекшеліктері» байқауында жүлделі бірінші орын, «Үздік жыл мұғалімі -2023» байқауында  бастауыш сынып мұғалімі атағын иеленді. А.Жүндібай Алғыс хат, география пәнінің мұғалімі Ж.Бекжанова «Үздік география пәнінің мұғалімі  - 2023» атанды.

  Білім алушылар «Өр Алтайдың кербұғысы», «Өлең –сөздің білгірі», "Балалар әлемі», "Мектеп медиациясы", «Алтын күз-2023», «Жас суретшілердің көркем шығармаларындағы ұстаздар мен тәлімгерлер бейнесі», «Ақыл көркі- тіл, тілдің көркі – сөз», «Ой көкпар», «Асыл өнердің-алып нары» атты ақындар мүшайрасында, «Қанатты жыр, сазды әуен» аудандық жас жазба ақындар байқауында, «Ой сана» орыс тілі білгірлерінің сайысында, «Педагогикалық идеялар аукционы-2023» байқауында жүлделі бірінші, екінші мен үшінші орын иегерлері атанды.  

Мектептің құндылыққа негізделген тәрбие үдерісін модельдеу жобасы аясында  «Ұлттық құндылық – ұлттық иммунитет» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.  Семинарда ұлттық құндылыққа негізделген жобалардан бөлек, сынып жетекшілерге әдістемелік көмек ретінде «BANI әлеміндегі альфа ұрпақ» жобасы ұсынылды. Мақсаты– өзгермелі қоғамға бейім «Сандық аборигендерді» ғибратты әңгімелер арқылы тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Альфа ұрпақ бойында  ғибратты әңгімелер арқылы эмпатия  сезімін қалыптастыру; сынып жетекшілер жаңа ұрпақ жалғасына дайын болады. Оқушылардың IQ, EQ, SQ,LQ,VQ интеллектісі дамиды.

Мектеп психологына тәрбиелік мақсатта кездескен конфликтіні шешуге көмегін тигізеді. Жоба бес бөлімнен тұрады: VQ – өмірлік күш-қуат интеллект, LQ – махаббат интеллект, IQ – зияткерлік интеллект, EQ – эмоционалды интеллект, SQ – рухани интеллект. Padlet платформасында осы бөлім бойынша ғибратты әңгімелердің буктрейлері жинақталған.

«Ұлы дала биосферасы – әдіс-тәсілдер қоржыны» (Педагогикалық шеберхана) бөлімінде көрнекіліктер көрмесі, «Асық GAME» жобасы ,үйірмелер үлгісі ,таңдау курстарының топтамасы , ҚМЖ жинақтары, дидактикалық материалдар , 1-11 сынып тәрбие бағдарламалары ұсынылды. Жинақтар шығарылып, келушілерге таныстырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.

Оқу орнында оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұжым мүшелері интернет жүйесі арқылы озат мұғалімдермен тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттық технологияларды күнделікті сабақ үдерісінде қолданып келеді. Сабақ процесінде интерактивті тақта, мультимедиа кабинетінің мүмкіндігі толық пайдаланылуда. Пән мұғалімдері онлайн режимінде біліктілік курстары арқылы білімдерін жетілдіруде.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүргізуді нақтылау, жүйелі жүргізу қолға алынып келеді.

Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп ұжымы қоғамдық шараларға да атсалысып келеді. Қызылорда облыстық білім басқармасының «Құрметке лайық» челленджіне орай, орта мектеп оқушылары сүйікті мұғалімдерін мерекелерімен құттықтап, әлеуметтік желіде жариялады.

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17  орта мектепті бітірген – 21 оқушының жиырмасы ҰБТ- ге қатысты. Төрт оқушы шығармашылық емтиханды таңдап отыр. Бітірушілердің ішінде – 8 оқушы 100-ден жоғары ұпай жинады. Оқушылардың бірінші кезең бойынша, орташа ұпайы – 95,3 пайыз болды. Мектеп бойынша, ең жоғары – 125 ұпайды Сухан Жібек жинады.

Тағы да оқыңыз: