Kyzylorda-news.kz  Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатар¬ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», – деді. Иә, ХХІ ғасырда ой озықтығы мен сана ашықтығымен озуға болады. Білімнің салтанат құруы бәсекеге қабілеттіліктің негізгі критерийінен саналады. Сондықтан Үкімет адами капиталды қалыптастыратын һәм дамытатын білім беру саласын жаңартып, жаңғыртып, реформалауда. Заманауи типтік жобадағы мектептер салынуда. Тәжірибелік сабақтар өткізілетін сыныптар жабдықталуда. Интернетке қолжетімділікті арттырды. Осы ретте, біздің білім бәсекелесінде орнымыз қандай? Жастардың заманауи ілімді жинаудағы табысы қандай? Осы сауалдарға тиісті сала мамандары жауап берді.

Осы сұрақ төңірегінде Жүсіп Қыдыров атындағы №54 мектептің директоры Нұралхан Түктібаевтың ойын білген едік.

–Бәсекелік қабілет дегеніміз – материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары» деп көрсетілді. Бұдан түйетініміз, бәсекеде сапалы біліммен ғана сынға түскенде ұтанымызды ұғасыз. 
Бесарықтағы білім ордасының тарихы тоқсан жылға жуықтады. Осы уақытта саланың үздік мамандары мектептің білім беру ісінде озық тәжірибесін қалыптастырды. Әсіресе, кадрлардың буын алмасуына, мыныптардың қажетті құрал-жадбықтармен жабдықталуына жағдай жасады. 
Қазір мектептегі 59 мұғалімнің 18 жоғары санатты, 25 бірінші санатты. Осындай білікті ұстаздардан білім алған шәкірттер аудандық, облыстық білім додаларында жүлдеге ілігіп жүр. 2015 жылы екі «Алтын белгі» иегері шықса, 2016 жылы бір «Алтын белгі» бітірді. 2017 жылы бесеуі алтынға лайық білімін дәлелдеді. ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы үш жылда жоғары көрсеткіш көрсеттік. Былтыр екі түлек 125 балл жинады. 

Енді сапалы білім берудің сыры неде? Соған тоқталсам. Жалпы, мектепте ҰБТ-ға дайындау үрдісі 8-сыныптан бастау қалыптасқан. Оқушы 9-сыныптан оқушының мамандыққа бейімділігіне қарай пәнді таңдап дайындықты күшейтеміз. Оқу жылы басталғанда сыныптан 2-3 рет сынама тест алып, оқушылар жоғары, орта және төмен деңгейге сынып оқушыларына бөлінеді. Сосын төменгі деңгейдегі оқушыны орта деңгейге, ортаны жоғары деңгейге жеткізуге жұмыс жасалады. Ең негізгісі, оқушыларды 6-сыныптан қабылдап алып, 11-сыныпқа дейін бір ұстаз білім нәрімен сусындатып, нәтижесін көзбен көреді. Сонда ұстадың да жауапкершілігі арттады. Бұл – ұстаздар арасындағы бәсекелестікті тудырады.

Иа, бәсекеге қабілетті болу жас өрендердің білімі мен тәрбиесінен бастау алатыны сөзсіз. Жасөспірімдердің бос уақыттын тиімді пайдаланып, қабілет-қарымын шыңдап, зейінін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Экононикасы дамыған озық елдің отыздығына енуді мақсат тұтқан еліміз жас өрендерді ерте жастан ғылымға, жаңа технологияға бейімдеуді үрдіске айналдыуда. Бұл сөзімізді №110 мектеп-лицейінің робототехникға үйірмесінің ұстазы Тұрсынай Шалабаева қостай кетті.

– «Заманның ағымынан қалмай алға қарай ілесе беру керек» деген сөздерінің өзінде қаншама мағына жатыр десеңізші! Робототехника. Робот. Бұл терминді еңбектеген балаға дейін түсінеді. Себебі, роботтар өміріміздің көптеген саласына енді. Тіптен, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және т.б салаларда үлес салмағы артып келеді.
Демек, қазіргі жаһандану, инновациялық жаңару заманында роботтардың алатын орны айқындалды. Қазіргі кезеңді – роботтардың кезеңі. 
Олай болса, жаһандық үрдістен лайықты орын алуымызда роботтехниканы меңгеруді кешіктіре беруге болмайды. Осыны ескерген, білім бөлімі мен мектеп басшылығы 2017 жылы жаңаша бастама қолға алынып, «Робототехника» үйірмесі ашты. «Робототехника» кабинеті 10 дана роботоконструктормен жабдықталған.
«Робототехника» үйірмесін жандандыруда оқушыларды түрлі деңгейдегі шараларға қатыстырып, тәжірибе жинақтауын басшылыққа алдық. 
Облыста өткен «Robotest-2018» роботтар фестивальіне Зарина Қалкөз, Аружан Махамбет,Ерасыл Айдар мен Асыл Мұсабек қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. 
Қазір мектеп оқушыларының роботтехникаға қызығушылығы артып келеді. Олардың қабілет-қарымын ашып, адам өмірін жеңілдететін сапалы роботтар құрастыруына жәрдемдесетін боламыз.

Ал, кент орталығының тәлімгері Дастан Кадировты пікірі көңілге қонды.

– Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Жаңартылған білім беру мазмұнына» көшу арқылы заманауи ақпараттық қоғам қалыптастыру жағдайында қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттының бірі – робот техникасы саласы. Мемлекет басшысы Жолдауында «елдің даму векторларының бірі – адами капиталды инвестициялау» дегенінен-ақ бұл саланың маңызын түсінуге болады. 
Расында, әлемде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып, мемлекет дамуының қозғаушы күшіне айналды. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытын меңгеруді жол қойды. Яғни, робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылымды дамытуға маңыз беруде.
Біздің орталықта ашылған үйірме 2017 жылы жұмысын бастады. Алғашында 35 бала ниеттілігін білдірсе, соның 6-сы ғана толық сабаққа қатысып, өзінің қарым-қабілетін байқатты. Яғни, робототехниканы үйрену ең қиын мәселе. Бұл 5 пәннен үздік оқуға итермелейді. Атап айтсам, инфарматика, геометрия, алгебра, физика, графика, технология пәндерінен жақсы меңгеруін тиіс. 
Сабақта құрастырудан өзге осы бес сабаққа қатысты сабақ жүргізіледі. Осы тұста, кейбір балалар сабаққа қатыспай көп мағлұматтан құр қалады. Осыны көп ата-ана түсіне бермейді. Дегенмен, жастардың робот жасауға ынтасы жоғары екенін айту қажет.

Сонымен қатар, №163 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Меруерт Мелденова былай дейді.

– Заманауи технологияларды игерудің тиімділігін айта келе, «Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі» деді. Демек, оқушы озық технологияны игеруде жастайынан ғылыми жобаларға икемдеу қажет-ақ. Ол үшін бала жан-жақты білім алуы тиіс. Әсіресе, ағылшын тілін меңгерудің артықшылығы көп. Себебі, ғылым мен ақпарат ағылшын тілінде қалыптасқан.
Мектепте 17 бала болашағын география пәнімен ұштастырып отыр. Олардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін бағыт-бағдар берудемін. Оған қоса, өзге мектептерден де шәкірттер жиі кеңес сұрайды. «Болам деген баланың белін бу» дегендей, ғылым жолына таңдаған жастарға уақытымды аяп қалмаймын. Шәкірттің республикалық байқауларда бәсі биік болуы, интеллектік қабілет-қарымын ашуда ең бірінші баланың қызығушылығын оята білу маңызды. Сондықтан, ұстаз күнделікті ізденіс үстінде жүріп, заманауи үрдістерді игеріп отыруы міндетті. 
Жалпы, ғылыми жобаларға балаларды ерте жастан баулу керек. Себебі, әр баланың дарынын ашып, 5-сыныптан бастасақ, бала үлкен сыныпқа келгенде үлкен белес бағындыра алады.

Сондай-ақ, Бегайдар Аралбаев атындағы №52 мектептің математика мұғалімі Дауылбай Есіркеповтың осы тақырып төңірегінде пікірін білген едік:

– «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек». Бұл мемлекет басшысының  халыққа арнаған Жолдауынан үзінді. Мектептерде осыған байланысты математика пәніне ерекше басымдық беріліп отыр. Себебі, барлық ғылым математика саласымен тығыз байланысты. Яғни, есепке жүйріктілік артпайынша, ғылымға бетбұрыс болмады. 
Соңғы жылдары мектеп бітірушілер арасында математика және жаратылыстану бағытын таңдағандардың саны артты. Заманбек Мәмәт аудандық олимпиядада соңғы үш жылда үштіктен көрініп жүр. Оқушым Фариза Өмірбай ҰБТ математикадан 24 балл алды. Сол секілді «Алтын белгі» иегері Айдана Мәдәлі де математика пәнін таңдады. «Тау самалы» лагерінде қосымша білім беруге жыл сайын шақырыламын. Математикаға баланың қызығушылығын арттыру үшін өмірмен байланыстыратын тәсілдерді жиі қолданамын. 

Ал, №240 орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі Сәуле Камалованың ойы орамды:

– Үштілділік жөнінде Ел президенті «Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет» – деп ағылшын тілінің маңызын айтты. 
Үштілділік – ғылыми технологияны дамытуда қозғаушы күшке ие. Осы тұста, саясаттанушы Тұрсын Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі – тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып саналатын ағылшын тілін үйренуге жастарды жатпай-тұрмай баулу керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деген ойы еске түседі. 
Ағылшын тілін үйренгеннен біз ұтылмаймыз. Осы себепті оқушыларды жастайынан ағылшын тілін меңгеруін қолдап, жағдай жасауымыз тиіс. Біздің мектеп шәкірттерінің ағыл тіліне қызығушылығы артып келеді. Қосымша сабақтарға сұранып, тіл білімін шыңдап жатқан оқушылар көбейді. Содан болар аудандық пәндік олимпиядадан жүлдені қанжығаға байлап, облыста үшінші орынға тұрақтаған шәкірттерімен мақтана аламын. 
Пікір-сайыс алаңында бас қосқан ұстаздар ХХІ ғасырда білімсіз жетістікке жете алмайтынымызды жақсы түсінетінін айтты. Сондықтан, біліктілі мен білімін жастардың сапалы білім алуына сарп етіп жатқандарына сендірді. Лайым, білім бәсекесінде жылғылмасақ болғаны. Себебі, Елбасы айтқандай, адам капиталы бәрін шешетін заманға келдік...

Тағы да оқыңыз: