Kyzylorda-news.kz Аймақ басшысының үйлестіруімен, «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен өткен жылдың қазан айында Сырдарияның сол жағалауынан жаңа оқушылар сарайы пайдалануға берілді. 350 балаға арналған көпфункционалды заманауи кешен 3 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда шығармашылық қызметтің барлық түрлерімен және спортпен айналысуға, үйірмелерге қатысуға жағдайлар жасалған.
Техноорталық, бағдарламалау, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сыныптары, экологиялық зертхана, жылыжайлар мен қысқы бақ, телестудия, вокал, музыкалық аспаптар және хореография кабинеттері жұмыс істейді.
Жаңа оқушылар сарайы білім сапасын жақсарту, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында өңір жасөспірімдерінің интеллектуалдық және рухани тұрғыдан жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.
Оқушылар сарайына білім алушылардың қатынауы үшін қала орталығынан сол жағалауға қоғамдық көліктер үздіксіз жүруде.
Айта кету қажет, бүгінде Қызылорда қаласының сол жағалауы қарқынды өсіп, халқының саны 15 мыңға жуықтады.