Kyzylorda-news.kz.  Сырдария ауданы бойынша білім беру саласының жайы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековпен сұхбат.

– Елімізде оқыту мен тәрбиелеу қандай бағытқа негізделген. Аудандағы білім беру ұйымының жай-күйіне тоқталсаңыз?

– Сырдария ауданы бойынша  53 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде 30 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, яғни 17 мемлекеттік балабақша, 6 мектеп жанындағы шағын орталық, 7 жеке балабақша, 17 мектеп, 6 қосымша білім беру ұйымдары, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп. 
Білім саласына 2023 жылға бөлінген қаржы 13,1 млрд теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 2022 жылы 10,6 млрд теңге бөлінген, бұл 2,5 млрд теңгеге артық. 
Аудан мектептерінде 2022-2023 оқу жылында 1309 педагог кадрлар жұмыс жасауда. Олардың 1251 жоғары білімді, 58 арнаулы орта білімді мамандар. Педагог кадрлардың 207-і зерттеуші, 490-і сарапшы, 300-ы модератор.
Тәрбиелеу мен оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асырылады.
Әрбір білім беру ұйымында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасы құрылған. 
2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда білім алушылардың білімін толықтыру, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету, білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау, инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету міндеттері жүзеге асырылуда. 

– Білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайдың жасалуы мен білім сапасын арттыру тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсаңыз?

– Аудан мектептерінде білім алатын 8219 оқушының  7593-і  қазақ тілінде, 626-ы орыс тілінде білім алуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылға 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын қазақ тілі бірінші сыныптан,  орыс тілі 2 сыныптан, ағылшын тілі   3 сыныптан бастап оқыталады. 
Тілді оқып үйренуге қажетті жағдай жасалған. Аталған пәндерден аудан мектептерінде мұғалімдер жеткілікті,  мұғалімдердің іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында пәндік семинарлар ұйымдастырылады. Білім беру процесін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізу үшін қажетті оқу-әдістемелік  құралдар, дидактикалық материалдармен толық қамтамасыз етілген.

 Аудандағы 17 мектептің 5-і инновациялық мектеп-лицейлер. Мектеп лицейлер жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс жасайды, 5 тірек мектептерге магниттік мектептер жүктелген. Қазіргі таңда бірлескен жұмыстар жасалуда. 
Білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері  тұр. Өйткені  адам қоғамда түрлі  өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер  қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай  өмір сүріп, қызмет етуде. 
PISA халықаралық  зерттеуіне Қазақстанның қатысудағы мақсаты-оқушылардың оқу жетістігін бақылау-бағалау  жүйесін реформалау, халықаралық стандартқа сай білім  мазмұнын өзгерту болды. Білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға, сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеті қойылды. 

- Пәндік білім мен дағдыларды тереңдетуді қамтамасыз етуі мен білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер қандай?

– Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуі туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз ету қарастырылған.
Пәннің мазмұнында оқушыларға бастауыш кластан бастап жоғары класқа дейін кезең-кезенімен тереңдетіліп білім беріледі. 
Тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру оқу бағдарламаларының мазмұны, оқу-тәрбие және оқудан тыс қызметті ұйымдастыру тәсілдері, тәрбие ортасының мүмкіндіктері арқылы, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың: отбасының, білім беру ұйымының, қоғамның кеңінен қатысуы арқылы жүргізіледі.
Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде жатқан және күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесінде байқалатын құндылыққа бағдарланған тәсіл арқылы іске асырылады. Сонымен бірге құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыруда педагог тәрбие мақсатын білім беру процесіне енгізуді қарастырады; рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының элементтерін білім берудің барлық деңгейлеріндегі барлық оқу пәндері бойынша сабақтардың мазмұнына міндетті тәрбиелік компонент ретінде кіріктіреді. Қолайлы білім беру ортасы педагогтердің, білім алушылардың, атааналардың, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлердің өзара қарым-қатынасының сапасымен айқындалады.

– Балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуы туралы айтып өтсеңіз?

– Қазақстанда әлемнің көптеген елдеріндегідей, инклюзивті білім беру білім беру жүйесін дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Өйткені дамыған 48 халықаралық қоғамдастықта инклюзивті білім беру әрбір адамның білім алу құқығын іске асыру құралы ретінде танылған. Біздің еліміз де аталмыш ұстанымды қолдайды. Мұны әрбір баланың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің білім беру саласын дамытудағы басты міндет болып есептелетіндігі айғақтай түседі. Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» деп атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» деп белгілеп өтті.
Осыған орай, 2020-2022 жылдарға арналған облыстың жол картасы қабылданды. Жол картасы аясында 3 жылда  кабинет,  штат ашылып, маман оқытылды.
Сырдария ауданы бойынша ПМПК есебіне сәйкес 2022-2023 оқу жылында ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕББҚ) 359 бала тіркелді. Оның ішінде жалпы мектепте оқитыны 139 бала, үйден оқитыны 87 бала, түзету кабинетінде 33 бала білім алуда. 
Ауданда 5 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, олардың 4-і әуез мектебі, 1-і Оқушылар үйі. Оларға 1169  оқушы қатысады, ол барлық оқушылардың 13,4 пайызын құрайды. Қалған 6 елді мекендерде филиалдар жұмыс жасайды. Сонымен бірге мектептерде  пәндік, спорттық, шығармашылық бағыттағы үйірмелерге  5171оқушы қамтылған.

– Орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуі мен білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуына тоқталсаңыз?

– 17 мектептің 5-і инновациялық мектеп-лицейлер, олар №35,36,37,42,129  мектеп лицейлер жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс жасайды. Мектеп-лицейлер өз жұмысын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің  2012 жылғы  8 қарашадағы №500 бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы » және  «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы      3 сәуірдегі № 115  бұйрығына сәйкес  жүргізеді. Жаратылыстану-матемавтика бағытындағы пәндерден қосымша  жылына 1500 сағат бөлініп, оған Қызылорда университетінің оқытушылары сабақ жүргізеді.
2022-2023 оқу жылынан бастап мектептерде инновациялық практиканы қолдау және дамыту мақсатында әр түрлі бағыттағы жобалар ендірілді. Атап айтқанда,  №137 орта мектепте «Бағдарламалау мектебі», №35 мектеп-лицейде «Жасыл мектеп», №37 мектеп-лицейде  «Мектеп обсерваториясы», №36 мектеп-лицейде «Кәсіпкерлік мектебі» жобалары жүзеге асырылуда.
2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасты. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруды, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды, іс-шараларға атааналарды қатыстыруды көздейді. Мектеп сайтында үздік балалар әдебиеті мен мектеп әдебиетіне арналған түрлі сервистер, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу үрдісін кеңейту бойынша ресурстар (интернет-викториналар, сервистік ұсынымдар, кітапханалар туралы ақпарат және т.б.) ұсынылды.  Әрбір мектепте және отбасында 20 минуттық кітап оқу ұйымдастырылды. Мектеп холдарында үлкен үзілістерде кітап оқуды ұйымдастыру үшін «Буккроссинг» бұрыштарын құру жасалды. Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылардың көмегімен оқу мүмкіндіктерін кеңейтетін, балаларға әдебиетті таңдауда дұрыс бағдар алуына көмектесетін, кітап оқуға құмар балалар санын арттыратын жаңа электронды ресурстарды пайдаланылуда.

Сонымен бірге,  «Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асырады, мектепте оқушылардың өзін – өзі басқару жүйесін құрудың ең оңай жолы-оқушылардың «белсенділігін» күтпей-ақ, мектеп әкімшілігі мектеп оқушыларының өкілдерімен кеңесусіз шеше алмайтын мәселелердің шеңберін анықтау. мектептегі театр үйірмелері білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және эстетикалық талғамға ықпал етеді. Әр түрлі спектакльдерді дайындауға және қоюға қатыса отырып, білім алушылар әдеби шығармаларды тереңірек зерттеуге, костюмдер жасауда шығармашылық танытуға, сондай-ақ эмпатия, ынтымақтастық, эмоционалды интеллект сияқты әлеуметтік эмоционалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.  «Дебат» клубтары оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыруға,шешендік өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Осы аталған жобалар бойынша мектеп оқушылары түрлі облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленуде.

– Орта білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру және оның объективті бағалануын қамтамасыз ету маңызды екені белгілі. Осы бағыттағы жұмыстың барысы туралы айтсаңыз?

– Жалпы мектептегі білім сапасын бағалаудың 2 түрі бар: біріншісі, сыртқы (ПИЗА; ТИМСС; МОДО; ҰБТ т.б), екіншісі ішкі (мектепішілік бақылау). 
Мектепішілік бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес мектеп әкімшілігінің сабаққа енуі, күнделік кз журналының толтырылуы, БЖБ,ТЖБ қорытындылары бойынша талдау, оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес білім алушылардың аралық, тоқсандық және қорытынды аттестаттауы жүргізілуде. 
Білім сапасын арттырудың кешенді жоспары жасалып, бекітілді.
Кешенді жоспарға сәйкес білім бөлімі тарапынан тоқсан сайын білім сапасына мониторингтер жасалуда. Жылына 2 рет бастауыш сыныптардан,  9, 11 сыныптардан тест жұмыстары алынып, қорытындысы терең талдануда. Сонымен бірге, мектепішілік бақылау жұмыстарының сапасы, үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс, олқылықтардың орнын толтыру мәселелері қарастырылуда.  
Алдағы уақытта жоспар бойынша барлық мектептерде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

– Білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етуі қалай қарастырылған?

– ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ76 бұйрығымен бекітілген Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді.
Білім  беру ұйымдарында тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары қолданылады. 

– Педагогтерді әлеуметтік қолдау бойынша, сонымен қатар "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен қанша маман жұмысқа тартылды?

– Бюджет қаражаты есебінен білім саласы қызметкерлеріне коммунаалдық  қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін 2022 жылы 1688 қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсетілді.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру болып табылады.  
2022 жылға көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 306300 теңгені құрады, білім саласында 61 маманға мемлекет тарапынан атаулы жәрдемақы берілді.
2022 жылы тұрғын үй сатып алу үшін берілетін бюджеттік несиенің мөлшері 1500 АЕК мөлшерімен есептеліп, бір маманға 4 594,5 мың теңгені құрады, білім саласында 29 маманға бюджеттік несие берілді. Жас мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін бөлінетін бюджеттік несие мөлшері жылмажыл өсіп отыр.
Білім қызметкерлері кәсподағы тарапынан санаторийлік –курорттық емделуге және демалуға жолдама алу  үшін  85 қызметкерге ішінара төлемдер жасалды.  2022 жылы 2639 педагог қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуі үшін облыстық бюджеттен  9497,0  мың теңге қаржы бөлінді.

– Білім беру ұйымдарының басшыларын міндетті аттестаттаудың заңдылығына тоқталсаңыз? Педагогтерді даярлау мен біліктілігін арттырудың барысы туралы айтып өтсеңіз?

– Білім беру ұйымдарының басшылары атқаратын лауазымына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. 
2022 жылы   7   білім беру ұйымдарының басшылары аттестаттаудан өтсе,   2023 жылы  8  білім беру ұйымының басшысы  аттестаттаудан өтеді деп жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында үш жылда кемінде бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізілді.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 және 2016 жылғы  28 қаңтардағы № 95 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстары белгіленген кестеге сай жүзеге асырылады. 2022 жылы   325 педагог, оның ішінде Педагогикалық шеберлік орталығы арқылы 65 мұғалім,  «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығы арқылы 190 мұғалім, аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы арқылы 70 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2023 жылы аудан білім беру мекемелерінен 226 мұғалім білім арттыру курстарынан өтеді деп жоспарлануда, қазіргі күні музыка, информатика пәндері 50 мұғалімдері курстан өтуде.

– Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша тарқатып айтсаңыз? 

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына сәйкес 2022 жылы тамақтануды ұсыну бойынша ашық конкурс өткізіліп, 4 кәсіпкер ИП«Меделханова», ИП «Нұрмаханова», ИП «Ақан», ИП «Өтепбергенова» жеңімпаз деп танылып, бүгінгі күні жұмыс жасауда. 
Жалпы  мектептердегі ыстық тамақты ұйымдастыру  қызметі 2014 жылдан бастап бәсекелестік ортаға берілген, конкурстық негізде жүргізіледі.
Аудан бойынша 17 мектептің 16-да типтік, 1-де (№210) ыңғайластырылған асхана бар. 2022-2023 оқу жылында міндетті оқу қоры есебінен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 1756 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптағы  3323 оқушының барлығына ыстық тамақ берілуде. 
Мектеп асханалары қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында ыстық тамақтың берілуі ұйымдастырылмайды. 
Мектепте  оқушыларға тамақтануды ұйымдастыру  ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы   5 тамыздағы № 76 бұйрығымен бекітілген Санитарлық қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқушылар арасында тамақтан уланудың алдын алу және болдырмау бағытында  тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Күн сайын медицина қызметкері  тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын бақылайды. 
Атап айтқанда: дайын тағамдардың сапасын бақылау, дәмін көру, аспазшының денсаулық жағдайын бақылау, тез бұзылатын тағамдардың сақтау режимін қадағалау, тағамдық өнімдердің жарамдылық мерзімін бақылау, асхананың санитарлық-гигеналық жағдайын қадалау, тамақты дайындау технологиясының бұзылмауының қадағалау.
Барлық мектептерде асхана жұмыс жасайды, ыстық тамақ арнайы кесте бойынша беріледі, оқу процесі аяқталғанша 2-3 сағат бұрын аяқталады.
Орта білім беру ұйымдарында «Мектептік тамақтандыру» айдары арнайы мектеп сайтында жарияланып отырылады. Мектеп сайтына ас мәзірі, бракераждық комиссия отырысының хаттамалары, актілері жарияланып отырылады. 
– Сұхбатыңызға рақмет!
 

Тағы да оқыңыз: