Kyzylorda-news.kz. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі – Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім – қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылғы жолдауында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше тоқталып кетеді. 

Президент жүктеген міндеттер мен тапсырмасына сәйкес халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігін арттыру мақсатында «Адал адам – мәдени-тәрбие беру орталығы» Тұжырымдамасы бойынша «Әлем бук» оқырмандар клубын құру аясында қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттау мақсатында «Шәкәрім оқулары» атты аудандық байқауына аудан көлеміндегі мектептерден 5-8 сынып оқушыларынан 36 үміткер қатысты. Аудандық білім бөлімінен Индира Оралбекқызы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Айнұр Молдахметқызы, аудандық мәдениет үйінің халық театрының режисері Досхан Ерболатұлы және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлдана Көпболсынқызы қатысушылардың оқу шеберлігіне төрелік жасады. 

3 кезеңнен тұратын байқаудан ерекше көзге түсіп, Жансейіт ауылдық кітапханасының оқырманы №133 негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Гүлсезім Абуова бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауда бақ сынайтын болады.

І дәрежелі орынды Береке кітапханасының оқырманы №48 мектеп 8-сынып оқушысы Кәусар Қайсарқызы, Балалар кітапханасының оқырманы №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Жанерке Махамбет, ІІ дәрежелі орынды Балалар кітапханасының оқырманы №244 Ы.Жақаев атындағы мекеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Айерке Алтай, Балалар кітапханасының оқырманы №219 Ы.Алтынсарин атындағы мекеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Мерей Сұлтанова, Балалар кітапханасының оқырманы №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Гүлназ Есенбек, ІІІ дәрежелі орынды №1 қалалық кітапханасының оқырманы №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Айымжан Жұмабек, Бәйгеқұм ауылдық кітапханасының оқырмандары №251 М.Әуезов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дидар Өмірбеков, Алғабас ауылдық кітапханасының оқырманы №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жібек Егенбердиева, Қодаманов ауылдық кітапханасының оқырманы Шахназ Шағдатқызы, Ортақшыл ауылдық кітапханасының оқырманы №150 Ортақшыл орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ерназар Сәрсенұлы иеленді.

Тағы да оқыңыз: