Kyzylorda-news.kz.  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының ұйымдастыруымен «IT, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бағытындағы стартаптарды инкубациялау» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты − SeoulTech ұлттық университетінің делегациясына бизнес-инкубатордың жұмысын таныстыру, Қызылорда қаласында ашылатын жасанды интеллект мектебінде бизнес-инкубациялау орталығының жұмысын үйлестіру.

  Жиынға Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті информатика және инжиниринг кафедрасының профессоры, SeoulTech жаһандық кванттық жасанды интеллект қауіпсіздік орталығының директоры Джесу Ким, жобалық орталық директорының орынбасары Сонгон Ким және академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Мейрамқызы қатысты. 

Бизнес-инкубатор резидентері стартап жобаларын қонақтарға таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында Kyzylorda Hub жетекшісі Жанарыс Алтынбекұлы SeoulTech өкілдеріне жұмыс барысын таныстырып, алдағы инкубатордың алдағы жоспарларымен бөлісті. 
Кездесудің нәтижесінде СеулТех университетінің атынан бизнес-инкубатор замануи лаборатория және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар білім алушыларға инкубациялық кезеңдер мен кәсіпкерлік курстарының оқытулары жүргізіледі. Студенттер жаңа коворкингте жұмыс жасап, жаңа жобаларын жүзеге асыратын болады.

Айта кетейік, Сеул ұлттық ғылым және технологиялар  университетінің делегациясы университетіміздің негізінде жасанды интеллект мектебінің бірінші кезеңін енгізуге іссапармен келді.  
 

IMG_2460.JPG

Тағы да оқыңыз: