Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы білім бөліміне қарасты Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Жаhандық әлемдегі заманауи қолөнер мәдениеті» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Оған қалалық білім бөлімінің маманы Сулушаш Алмасбекқызы және қала көлеміндегі мектептердің мұғалімдері қатысты.

Семинар жоспары үш бөлімнен: ұйымдастыру бөлімі, негізгі бөлім:ашық сабақтар, практикалық бөлім:шебер-сынып жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастыру бөлімінде мектеп-лицей директоры Айгүл Алтынбекқызы сөз сөйлеп, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін қоғамның әрбір азаматының ой-санасы дамыған, өзіндік ой-пікірі бар, шығармашылық тұлға болуы талап етіледі. Өйткені, мемлекетіміздің келешегінің кемелдене түсуі – тек шығармашыл адамдар қолынан келетін іс. Қолөнердің қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отыратындығын айтты.

Көркем еңбек пәні мұғалімдері Мақсат Байділдақызы «Этностильдегі бас киімдер. Тақия, сәукеле» тақырыбында, «Бұйым өру» тақырыбында Гүлбарам Қанжарбекқызы және Алия Данышпанқызы «Өзгеріске ұшырау және тігін бұйымдарды сәндеу» тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақтар көрсетіп, көпшілік ілтипатына бөленді.

Семинардың практикалық бөлімі шеберлік сыныптармен жалғасын тапты. Көркем еңбек пәні мұғалімдері Рысдаулет Әкімбекұлы, Бауыржан Баймағанбетұлы «Қалдық материалдан бұйым жасау», «Аэрография» «Модерн дизайн қазақи ою нақышында салынған өнер мектебі» тақырыбында қолдан жасалған бұйымдарын көрсетіп, заманауи қазақи нақышта жасалынған макеттерін таныстырды. 7 сыныптары оқушылары «Құм терапиясы» тақырыбында құммен сурет салу әдісін көрсетсе, қолдан жасалынған бұйымдарын «Бейнелеу өнердегі заманауи бағыттары» тақырыбында таныстырды. Сондай-ақ қыздар тобына сабақ беретін мұғалімдеріміз «Сән үлгілерінің көрсетілімі», «Жылдам тігілетін белдемше» тақырыптарында жылдам тігілетін киім үлгілерін, трансформация және тігін бұйымдарын сәндеп тігу әдістерін көрсете білді.

Семинардың қорытынды бөлімінде қалалық білім бөлімінің маманы Сулушаш Алмасбекқызы сөз сөйлеп, кері байланыс алды. Семинарда көркем еңбек пәні ұстаздарының түрлі материалдардан: қалдық материалдан, ою нақышындағы қазақи дизайн ғимараты, заманауи бағыттағы өнер туындысы, құм терапиясы мен сән үлгілері насихаттала отырып, пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен жеткізе білгендігін айтты.

Шара соңында қала мектептерінен келген мұғалімдер жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар беріп, өз ұсыныс пікірлерін білдіріп, заманауи өнер туындысы жайында көп мағлұмат алғандықтарын айтты. Өткізілген жұмыстардың көкейге қонымды, тиімді, шынайы екендігіне көз жеткізгендерін айтып, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: