Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері ұстаздарды ұлықтады.
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға білім беретін кешкі мектептің оқытушыларын мерекемен құттықтады.
«Сіздер сан түрлі себептермен өмір сынағына ұшырап, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға білім беріп қана қоймай, тәлімі мен тәрбиесін түзетуде, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершілікке баулып, қоғамнан аластатпай, керісінше табандылықпен еңбек етіп, алдарына биік мақсаттар қоюды үйретудесіздер. Қоғам мен адамзат алдындағы осындай өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздердің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге алғыс білдіреміз»,- деді ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов.
Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда мекемеде жазасын өтеуші 33 сотталған кешкі мектепте оқуда.
