Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жаңа оқу жылында 36 сотталған азамат орта білім алуда.

Жазасын өтеп жатқандар бұрын түрлі себептермен 11 жылдық мектепті аяқтамағандар.

Түзеу мекемесінің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесі, оқу жоспары құрылған. Қазіргі уақытта карантиндік шектеулерге байланысты кейс технологиясына сәйкес оқытушылар сотталғандарға қашықтықтан білім беруде. Мәтіндік, аудиовизуалдық оқу-әдістемелік материалдарды оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдауыш беріледі.

Тағы да оқыңыз: