Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қашықтан оқыту қолжетімді интернет платформалар арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін өңірге арнайы сервер орнатылады. Жаңа оқу жылы облыстағы 293 мектепте 168 мыңнан аса оқушы білім алады деп күтілуде. 1-інші сыныпқа 19 мыңдай бала қабылданады. Олардың 83 проценті бірінші тоқсанды қашықтан оқиды. Ал шалғай орналасқан және шағын жинақталған 50 мектепте 4 мың 986 оқушыны барлық санитарлық талапты сақтай отыра штаттық режимде оқыту жоспарлануда. Бұл – өңірдегі оқушылардың 3 проценті. Облыста 9 мың 687 оқушыда мүлдем электрондық құрылғылар жоқ. Сонымен қатар, 8 мың 307 бала интернетпен қамтылмаған. Яғни, бұл 3 мың 853 отбасы. Құрылғысы жоқ оқушыларға мектеп балансындағы компьютерлер уақытша пайдалануға беріледі. Меценаттар мен демушілер есебінен ноутбуктер пен планшеттер беріледі. Сондай-ақ, мемлекеттен 22 мыңнан аса компьютер сатып алуға 3 жарым млрд.теңге қаржы бөлінген.

“Биыл облыстағы 55 білім беру нысаны жөндеуден өтуде. Оның 12-і балабақша, 33-і мектеп, 4-і мектептен тыс мекеме, 5-і колледж. Бұған 7 млрд тг қаржы бөлінді. Бүгінде жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Қазіргі таңда облыста 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оқу жылына Қызылорда қаласынан және Жалағаш ауданынан 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда”,- дейді облыс әкімі.

Тағы да оқыңыз: