ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады

08.11.2019, 9:30

237 0

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысатын сұрағанын хабарлаған болатынбыз. 

0

Пікір қалдыру