Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ҰБТ электрондық форматта өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

«Тестілеуді өткізу кестесіне сәйкес бүгін еліміздің 12 аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында тестілеу 12 наурызда,  Атырау, Қарағанды және Павлодар облыстарында 15 наурызда басталады», – деп хабарлайды министрлік. 

Айта кетейік, наурыз айындағы ҰБТ-ның сертификаты жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсуге жарамды.

Тағы да оқыңыз: