Kyzylorda-news.kz. 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу балы 50-ден 60-қа көтерілсе, биыл 70-ке жоғарылату жоспарланып отыр.

Педагогикалық ЖОО студенттерімен кездесуде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық мамандықтарға талапкерлерді тарту үшін нақты шараларды қабылдау қажеттігіне тоқталды.

“Бүгінде ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш бергенде талапкерлер педагогика бағытын үшінші не төртінші кезекте таңдайды. Бұл педагогикалық мамандықтарға мектепті үздік не жақсы бітірмеген түлектер көбірек түсетінін көрсетеді”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік емес, жеке өзіндік үлгідегі диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл норманың әскери және арнайы оқу орындарына қатысы жоқ. Мұндай өзгеріс жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек.

Асхат Аймағамбетов мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға шақырды. Ендігі кезекте жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджіне мән беріледі.

Еске сала кетейік, білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова енді кез келген мұғалім өз жалақысын өзі есептей алатының мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз: