Kyzylorda-news.kz.  Лудомания – құмар ойыннан шыға алмау салдарынан туындайтын дерт. Яғни тәуелділікке ұшырау. Бұл ауру ақшаға деген құштарлық. Қрапайым тілмен айтқанда бай болудың оңай жолы деп алданатындар. Еліміз бойынша статистикалық деректер орта есеппен 350 мың адам құмар ойынның құрбанына айналса, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Бұл аурудың қауіптілігі сонша осы жолда адасқан адамдар ақшадан ғана емес, өмірінен де айырылады. Лудоманияның кесірінен ажырасқан 10 жұптың әрбір 7 жұбы ойынға тәуелділіктің әсерінен бір-бірінен ажарайды екен.

Шын мәнінде бұл бүкіл қоғам алаңдайтын мәселе. Сондықтан жастарды осы дерттен аластату мақсатында ауданда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жақында «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Сырдария аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып отбасын қолдау орталығы эссе жазу байқауын өткізді. Байқау аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.

«Лудомания – қоғам дерті» тақырыбында өткен шығармашылық байқауға кент орталығындағы 4 білім беру ұйымдарының 8 сынып оқушылары қатысты. Байқау өткізудегі мақсат – мектеп оқушыларының ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық білімдерін арттыру, сонымен қатар лудомания қауіпті дертінің алдын алу.

Байқау нәтижесінде бірінші орынды №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Аяулым Айбекқызы алды. Екінші орынды №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Әнел Серік және үшінші орынды №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің оқушысы Томирис Амангелдиева иеленді.

Эссе жазу байқауына қатысқан барлық оқушылар Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының дипломы және алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

– Лудоманияға ұшырамау, алдын алу мәселесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Зерттеу бойынша ең көп таралған мәселе отбасылық жағдай. Отбасындағы кез келген мәселе дұрыс өмір салтын ұстануымызға әсерін тигізеді. Егер де үй ішінде тыныштық орнамаса, іштегі ашуды басу үшін ойындарға көңіл бөліп, уақыт өткізетін болады. Ал екінші мәселе, қаржылық, моральдық қиындықтар. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығының төмендігінен халықтың көп бөлігі әлі күнге дейін тәуекелге баруға дайын. Үшінші мәселе, қанағатсыздық. Бар нәрсені бағалай алмау, өмірден түңілу. Жалпы қоғам болып алаңдайтын мәселені жіті зерттегенде лудоманияға шалдыққан адамдарға қалай көмектесеміз деген сауал тұрады. Негізінен бұл дертке шалдыққандардың ең әлсіз тұсы – ойлау қабілетінен айрылып қалғаны. Сондықтан психологтармен жұмыс көмегін тигізері анық. Сана сезімді ақшаға емес, білімге, оқуға бұру керек, – дейді Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының директоры А.Төлегенова. 

Тағы да оқыңыз: