Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда «Алтын белгіні» алу талаптары қатаңдатылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

«Біз жыл сайын талаптарды кезең-кезеңімен қайта қарап келеміз. Өткен жылы талапты қатаңдату мәселесі көтеріліп, бірқатар өзгеріс енгізілді. Биыл екінші кезеңде үміткердің оқу жылы соңындағы нәтижесі ғана емес, 5-11 сынып аралығында әр тоқсанды беске аяқтауы ескеріледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрлік  мұндай талапты маңызды әрі нәтижелі деп есептейді. «Алтын белгіге» үміткер орта білімін мектепте мемлекеттік емтиханды беске тапсырып, қорғап шығуға тиіс.

«Алтын белгі» – қазақстандық білім беру жүйесінде озат оқушыға берілетін төс белгі.

Тағы да оқыңыз: