Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің білім алушылары ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті.

Қазіргі таңда оқу орнында 1490 студент  жұмылдырылған 22 жастар ұйымы жұмыс жасайды. Биыл  білім алушылардың қатысуымен 873 мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Оқу орны білім және ғылым саласында ғана емес, спортта да ауқымды жетістіктерге жетіп келеді. Университетте 9-Әлем чемпионатының, 27-Азия чемпионатының, 120-Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Қазіргі таңда университетіміздің спортшы студенттері арасында 7-Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 32-Қазақстан Республикасының спорт шебері, 56-Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 33-Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшелері білім алады.

Жалпы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушыларға арналған 10 оқу корпусы, «Сейхун» спорттық кешені, 4 студенттік жатақхана, Ғалымдар үйі, Әскери кафедраның әскери-тактикалық полигоны бар.

Кездесу барысында белсенді жастар министр Саясат Нұрбекпен пікір алмасып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, Сыр еліне жұмыс сапарымен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге Қорқыт ата университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған кездесулерге қатысты.

317509815_149726047811599_8763147106441174999_n.jpg

Тағы да оқыңыз: