Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында «Дәрумендер – денсаулық кепілі» атты денсаулық сағаты өткізілді. Дұрыс тамақтану, зиянды әдеттердің алдын-алу – денсулық кепілі!
Шара барысында кітапхана оқырмандарына адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайлы айтылды. Тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылуына және ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетіні жөнінде және сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын-алу мәселесіде айтылды. Темекі тарту, алкогольдік ішімдік ішу, газдалған сусындарды тұтыну, фасфуд өнімдерін жеу және тағы басқа зиянды әдеттердің соңы айықпас ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан бұл әдеттерден ерте жастан бас тартып, өз өміріңізді қолға алған жөн. Оның орнына спортпен шұғылданып, уақытты тиімді өткізген жөн. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі.
Шарада «Салауатты өмір – бар байлықтың бастауы» атты кітап көрмесі жасалып оқырмандарға насихатталды.
Коллаж: qazaly.kz