Kyzylorda-news.kz Түркістан қаласында NIS командалары арасында волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті. Додаға Алматы, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларындағы зияткерлік мектептердің ұлдар мен қыздардан құралған он команда қатысты.

ниш.jpg

Жарыс қорытындысы бойынша Сыр өңіріндегі NIS-тің ұлдар құрамасы кәсіби ойын көрсетіп, қарсыластарынан озып шықты және мектеп қоржының алтын медальдармен толықтырды. II орын – Тараздағы NIS, ал III орын – Шымкент-Абай NIS командасына бұйырды.

Қыздар арасында I орынды – Тараздық сұлулар, II орынды – Алматы-Наурызбай құрамасы, III орынды – Шымкент-Қаратау зияткерлері жеңіп алды.

ниш1.jpgниш2.jpg

Қызылордалық NIS қыздар командасы да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі үштікке бір қадам қалды.

Тағы да оқыңыз: