Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласында өткен республикалық жас стартаперлер байқауына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінен қатысқан «Enactus Korkyt» командасы жүлделі ІІ орын иеленді. 

Республикалық жастар форумына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 20 студенті қатысты.

Байқаудың ақтық мәресінде студенттер «Śeńber» жобасын ұсынып, 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау тапты.

«Śeńber» − шетелдік туындыларды қазақ тіліне аударып дыбыстау арқылы қазақ тілді контентті көбейтуге бағытталған жоба. Қазіргі таңда дубляж студиясында 8 диктор бар. Алдағы уақытта дикторлар санын көбейту ойда бар. Арнаулы байқаудан түскен қаражатқа жабдықтар алып, сапалы дыбыстау жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Түбекбаев.

Форум аясында «Olzha Agro» компаниясының бастамасымен жүлде қоры 5 000 000 теңгені құрайтын «Жерге деген іңкәрлік, адамға деген қамқорлық» атты арнайы байқауының 2 кезеңіне 30 жоба жолдама алса, «BEELINE:Жарқын жақта өмір сүр» арнаулы байқауының ақтық мәресінде үздік 12 жоба қорғалды.

Айта кетейік, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде бес жылдан бері кәсіп ашуға қызығушылығы бар жастар үшін «Кәсіпкерлік орталығы» жұмыс істейді. Орталық жастардың инновациялық және IT саласының жобаларын дамытумен айналысады.
 

Тағы да оқыңыз: