Фото: avdet.org

Kyzylorda-news.kz.  Синоптиктердің болжамы бойынша, 13 - 15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында жылдамдығы 18-21 м/с екпінді жел, ауаның температурасы түнде -18-23 0С, облыстың солтүстігінде -26 0С аяз, күндіз -10-15 0С аяз күтіледі.

«Осыған байланысты, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласындағы барлық мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары; Барлық колледждердің (мемлекеттік, жекеменшік) 1, 2 курс студенттерінің 13 – 15 желтоқсан күнгі сабақтары қашықтан оқыту форматында өтеді (онлайн). Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады», - делінген облыстық білім басқармасының таратқан хабарламасында.

Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті штаттық режимде жұмыс жасайды. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланатын болады.

Тағы да оқыңыз: