Фото: tobolinfo.kz

Kyzylorda-news.kz. Оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Қазір ата-ана дүкен, базар аралап балаларын мектепке дайындап жатыр. Оқу құралдарынан бөлек, бір оқушыны киіндіру қанша тұратынын Казинформ жазды.

Елімізде мектеп формасының бірыңғай талабы бар. Оқушыларға арналған киім үлгісі классикалық болуы тиіс әрі үштен артық түс қолданбаған жөн.

Ұлдарға арналған мектеп формасына – пиджак, кеудеше, шалбар, мерекелік және күнделікті киетін жейде, поло немесе теннис жейдесі кіреді. Шалбар тобықты жауып, кең тұруы керек.

Қыздарға арналған мектеп формасына – пиджак, кеудеше, белдемше (юбка), шалбар, классикалық жейде немесе тоқылған жемпір немесе кардиган, поло немесе теннис жейдесі, сарафан кіреді. 

Мектеп формасына өте үнемдегеннің өзінде 30 мың теңге қажет. Мұның өзі ең қажет деген киімдерді бір данадан алғанда, себебі бала өседі, киім бүлінуі мүмкін немесе нашар сапа ықтимал.

Қызылордада бір балаға мектеп формасын киіндіру үшін 30-40 мың теңге жұмсалады. Атап айтсақ, сарафан 8-10 мың теңге, көйлек — 4-20 мың теңге, кеудеше — 11-14 мың теңге, ұлдарға арналған костюм — 15-45 мың теңге, ал шалбар— 6-25 мың теңге аралығында. 

c9f32c24-5983-4153-9442-aa2afbfcc147.jpeg

Фото: Kazinform

Тағы да оқыңыз: