Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілерімен лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Қызылорда қаласының прокуратурасы хабарлады.
Нақтылағанда, жауапты органның дерегінше Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023 жылдар аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылданған.
«Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарымен қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27 миллион қаражат негізсіз аударылған.
Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылса, бөлім басшысының орынбасары «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген Қызылорда қаласы прокуратурасының хабарламасында.