Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 21 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды. Президенттік стипендия оқу үлгерімі «өте жақсы» және университеттің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр.
Президенттік стипендия иеленген жастардың барлығы дерлік үздік әрі ізденімпаз. Олардың қатарында «Химия-Биология» мамандығының 3-курс студенті Гүлназ Оңғар да бар.
«Университетке қабылданғаннан кейін өнер жарыстарына жиі қатысып, біліммен қатар шығармашылық қабілетімді де дамытуға тырыстым. Ал 2-курстан бастап ғылыми жұмыстарға қызығушылығым арта бастады. Ғылыми жетекшім, химия ғылымдарының кандидаты Гүлжан Балықбаевамен бірге қойдың құйрық майынан жақпа май дайындау мақсатында зерттеу жасадық. Сондай-ақ, «Жасыл химия» клубындағы студенттермен бірге осы өңірде өсірілетін өсімдіктерден құрамы таза, табиғи сабын дайындап шығардық. Қазір адамдардың көпшілігі бүйрек ауруына жиі шалдығады. Сондықтан жантақ ағашынан бүйрекке пайдалы сусын да әзірледік. Биылдан бастап стипендия көлемінің артқанына қуаныштымын, бұл жастарға үлкен мүмкіндік»,– деді Гүлназ Талғатқызы.
Еліміздегі үздік жүз студенттің қатарына енген Назым Балғараева да биыл Президенттік стипендия иеленді.
«Университеттегі «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курсында білім аламын. Қазіргі уақытта педагогика және психология саласы бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысудамын. Ал, бастауышта оқытудың қиындықтары туралы жазған мақалам бойынша еліміздегі «100 үздік жас ғалымның» қатарына қосылдым. Алдағы уақытта педагогика саласы бойынша ғылыми жұмыстармен тереңірек айналысқым келеді. Президенттік стипендия білім алушыларға үлкен мотивация береді. Кейбір студенттердің сабақ уақытынан тыс жұмыс істеп, қосымша қаражат табатыны рас. Бірақ қазіргі уақытта үздіктер қатарынан көрініп, жоғары шәкіртақыны иеленуге мүмкіндік мол», – деді студент.
Айта кету керек, стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша 3-курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар білім алушылар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иеленген білім алушылар тізімі:
1. Азамат Абимолдаев – 6В03238-Журналистика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
2. Нұржан Жарылқасын – 6В04140-Экономика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
3. Перизат Тобжан – 6В06149-Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
4. Ақжайық Тәжі – 6В01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
5. Жаңыл Сәрсенбай – 6В04140-Экономика білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
6. Жансая Мирамбекқызы – 6В01517-Биология білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
7. Әлия Бекенова – 6В04141-Есеп және аудит білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.
8. Динара Амирова – 6В11177-Туризм білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
9. Ақбота Әміртай – 6В07369-Жерге орналастыру білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
10. Нұрсұлтан Абибуллаұлы – 6В10276-Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
11. Аружан Алтынбаева – 6В01303-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
12. Малика Нургалиева – 6В01303-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
13. Гүлназ Оңғар – 6В01516-Химия-Биология білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
14. Айсұлу Мақаш – 6В01511-Математика-Информатика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
15. Нұрсауле Сейткамалова – 6В01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
16. Назым Балғараева – 6В01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
17. Айжан Орынбасар – 6В04139-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
18. Ғайни Кошкинбаева – 6В01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
19. Нұратай Жақсыбай – 6В11279-Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
20. Айжан Бақытжан – 6В04245-Құқықтану (Азаматтық-Құқықтық) білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.
21. Мақпал Абдукаимова – 6В01406-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.