Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы білім басқармасының зерделеуі бойынша, Қызылорда қаласындағы білім сапасы – ғылыми жобалар, халықаралық, республикалық олимпиадалар көрсеткіштері мен ҰБТ нәтижесі жоғары ТОП-10 мектеп белгілі болды. Олар – С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейі, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі, Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейі, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейі, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебі, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп, Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебі, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі, Б.Момынбаев атындағы №278 ақпараттық технология мектеп-лицейі.

Осы оқу ошақтары ішінен ең үздік мектепті анықтау мақсатында «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің телеграм арнасы сауалнама ұйымдастырады. Сауалнама 11 қаңтар күні сағат 14:30-да жарияланып, 13 қаңтар сағат 18:00-дегі көрсеткіш бойынша қорытындыланады. 

Дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз атанған үздік мектепке «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі жыл бойы ақпараттық қолдау көрсетеді. Атап айтқанда оқу ордасы жайлы сұхбат, репортаж, фоторепортаж, бейнеролик әзірлейді.

Құрметті біздің оқырмандар, облыс орталығындағы үздік мектепті мына сілтемеге өтіп бірге анықтайық! 

Біздің арнамызға жазылуды да ұмытпаңыз! 

Тағы да оқыңыз: